Өтінеміз, төменде берілген https://mymedkz.info/ сайтының пайдалану қағидаларымен («Қағидалар») мұқият танысып шығыңыз.
Осы бетте https://mymedkz.info/ ақпараттық порталды («Сайт») Сайт пайдаланушысының («Пайдаланушы») қолдануын реттейтін талаптар сипатталған.
Пайдаланушы Сайтта тіркелмес бұрын осы Қағидалармен толық танысуға міндетті. Пайдаланушының Сайтта тіркелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 396-бабына сәйкес Пайдаланушының осы Қағидаларды толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді.
Қағидаларға Сайт иесі кез келген уақытта өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізе алатындықтан, Пайдаланушыға Қағидалардың жаңартылып отыруын жүйелі түрде қадағалап отыру ұсынылады. Осы Қағидаларға өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілгеннен кейін Пайдаланушының Сайтты пайдалануды жалғастыруы осындай өзгерістер және/немесе толықтырулармен Пайдаланушының келісетінін және оларды қабылдайтынын білдіреді.
1. Зияткерлік меншік
Сайт «Такеда Қазақстан» ЖШС («Takeda») қолдауымен жұмыс істейді, ол сондай-ақ Сайттың иесі болып табылады (Сайт иесінің мекенжайы: 050000, Алматы қ., Қонаев көшесі, 77). Осы Сайттың барлық мазмұны, соның ішінде мақалалар, иллюстрациялар, экран суреттері, бейнероликтер, графикалық элементтер, логотиптер және басқа да файлдар («Контент»), Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қорғалған және Takeda-ның немесе өзге құқық иеленушілердің зияткерлік меншік объектілері болып табылады.
Takeda заңды негізде өзіне тиесілі Контентті Сайтта орналастыра отырып, Пайдаланушыға мұндай Контентті тек жеке коммерциялық емес мақсатта қарау, жаңғырту (соның ішінде көшіру), өңдеу (соның ішінде көшірмелерін басып шығару) және өзге де пайдалану құқықтарын, бірақ мұндай пайдалану құқық иеленушінің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіретін немесе келтіруі мүмкін жағдайларды қоспағанда, айрықша емес негізде береді.
Takeda Контентті пайдалану құқығын Пайдаланушыға тек авторлық белгісі немесе авторлық туралы өзге де хабарламалар сақталған жағдайда, сондай-ақ Контенттің барлық көшірмелерінде мынадай ақпарат орналастырылған кезде ғана береді: «https://mymedkz.info/» © 2025. «Такеда Қазақстан» ЖШС, 050000, Алматы қ., Қонаев көшесі, 77. Барлық құқықтар қорғалған».
Осы Қағидаларда рұқсат етілген жағдайлардан немесе құқық иеленушінің мұндай пайдалануға нақты берілген келісімінен басқа, Сайтты немесе Контентті кез келген пайдалану, алдын ала жазбаша рұқсатсыз, қатаң түрде тыйым салынады.
Егер осы Қағидаларда тікелей өзгеше белгіленбесе, осы Қағидалардың ешбір ережесі Контентке айрықша құқықтардың берілуі ретінде қарастырылмайды.
2. Сайтта орналастырылған медициналық сипаттағы ақпарат және өзге де ақпарат
Бұл Сайт Takeda терапиялық бағыттары бойынша медицина қызметкерлері мен пациенттерді ақпараттандыру үшін құрылған ақпараттық-білім беру жобасын білдіреді. Аталған ақпарат тек анықтамалық мақсатта ұсынылған және ешбір жағдайда дәрігердің кеңесін алмастырмайды.
Сайтта орналастырылған ақпарат ешбір жағдайда дәрігердің кеңесін алмастырмайды, сондай-ақ дәрілік заттардың жарнамасы болып табылмайды.
Пайдаланушыда осы Сайттан алынған медициналық сипаттағы ақпаратқа немесе ауруларға қатысты өзге де мәселелер бойынша туындаған кез келген сұрақтар бойынша әрқашан дәрігерден кеңес алу қажет.
Сайтта орналастырылған ақпарат аурудың алдын алу, науқасты күту және белгілі бір ауруларды емдеу жөніндегі нұсқаулық болып табылмайды. Әсіресе Пайдаланушы Сайттан оқыған ақпаратқа байланысты кәсіби медициналық көмекті ешқашан елемеуге немесе дәрігерге баруды кейінге қалдыруға болмайды.
Сайттағы ақпарат толық емес және барлық аурулар, жайсыздықтар, физикалық жағдайлар, симптомдар немесе олардың емі туралы мәліметтерді қамтымайды. Сайтта ұсынылған барлық деректер, сауалнамалар немесе тестілер тек анықтамалық мақсатта берілген және ешбір жағдайда дәрігердің кеңесін алмастырмайды. Сайттағы ақпаратты қандай да бір жайсыздықты немесе ауруды диагностикалау немесе емдеу үшін пайдаланбаңыз.
Сайтты шұғыл медициналық жағдайлар немесе олардың емі туралы ақпарат алу үшін пайдаланбаңыз.
Бұл Сайт кез келген шұғыл медициналық жағдайларды диагностикалау немесе емдеу үшін жарамды емес. Егер сізге шұғыл көмек қажет болса, дереу дәрігерге жүгініңіз немесе жедел жәрдем шақырыңыз. Ешбір жағдайда, соның ішінде Сайтта көрген немесе оқыған ақпаратты пайдалана отырып, өз бетіңізше емделмеңіз.
3. Интернет желісіндегі басқа сайттарға сілтемелер
Takeda міндеттемелері мен жауапкершілігі Сайтта орналастырылған сілтемелер арқылы өтуге болатын үшінші тұлғалардың сайттарына қолданылмайды. Takeda мұндай үшінші тұлғалардың сайттарындағы мазмұнды бақылау мүмкіндігіне ие емес, ал мұндай сайттар Takeda-дан толық тәуелсіз болып қала береді.
Ешбір жағдайда Takeda үшінші тұлғалардың сайттары мазмұны үшін жауапты болмайды, мұндай сайттардың мазмұнын мұқият зерделемейді, тексермейді немесе мақұлдамайды және олардың мазмұны, жарнамасы, өнімдері мен осы сайттарда немесе олар арқылы қолжетімді өзге де құрамдастар үшін жауапкершілік көтермейді.
Түсінбеушіліктердің алдын алу үшін Пайдаланушыға Сайттан немесе онда орналастырылған сілтемелер арқылы ақпаратты немесе өзге файлдарды жүктеп алу кезінде, сондай-ақ кез келген файлдарды, соның ішінде бағдарламалық жасақтаманы пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтаған жөн.
- 4. Дербес деректер (бұдан әрі – «ДД») және құпиялылық туралы ережелер
- 4.1. Пайдаланушы туралы мәліметтерді өңдеу және қорғау тәртібі, олар Сайтқа қол жеткізу (Сайтқа кіру) және (немесе) Сайт функционалын пайдалануға қатысты өзге де әрекеттер жасау нәтижесінде алынуы мүмкін, Қағидалармен реттеледі, сондай-ақ Құпиялылық саясатында (Құжаттың II бөліміне қараңыз) қосымша сипатталады.
- 4.2. Пайдаланушы Сайтты пайдалануға бағытталған кез келген әрекетті жасай отырып, осылайша ДД Операторы болып табылатын Takeda-ға Пайдаланушы мен Takeda арасында Қағидаларды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату мақсатында, сондай-ақ қолданылатын нормаларда, соның ішінде ДД туралы заңнама нормаларында көзделген Пайдаланушы мен Takeda құқықтарын, міндеттерін және тыйымдарын жүзеге асыру, орындау және сақтау мақсатында Пайдаланушының ДД-ны өңдеуді жүзеге асыру құқығын береді; бұл нормалар тек олармен шектелмейді.
- 4.3. Көзделген ДД өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін Takeda:
- 4.3.1. ДД-ны өңдеуге үшінші тұлғаларды тартуға құқылы, ол үшін үшінші тұлғаларға ДД-ны өңдеуді тапсыру арқылы және (немесе) үшінші тұлғалардан ДД-ны алу және ДД-ны өңдеуді тапсырмай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру арқылы, соның ішінде ДД-ны үшінші тұлғаларға Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің және өзге де шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруді жүзеге асыра алады. Үшінші тұлғаларды ДД-ны өңдеуге тарту мұндай тұлғалар ДД-ны ең аз қажетті көлемде және тек көзделген өңдеу мақсаттарына жету үшін өңдеген, сондай-ақ олар ДД-ны өңдеу кезінде оның құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін (үшінші тұлғалар осы талаптарды орындамаған жағдайда, олар Takeda алдындағы шарттық міндеттемелері және (немесе) қолданылатын заңнама ережелеріне сәйкес жауапты болады). Мұндай үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, мыналар жатуы мүмкін:
- 4.3.1.1. қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда өздеріне жүктелген функцияларды, өкілеттіктерді және міндеттерді жүзеге асыру және орындау үшін қажетті көлемде ДД алуға құқығы бар тұлғалар;
- 4.3.1.2. ДД-ны өңдеудің көзделген мақсаттарына қатысты Takeda-ның құқықтары және (немесе) міндеттері оларға берілетін тұлғалар;
- 4.3.1.3. егер Takeda және (немесе) оның аффилиирленген тұлғалары қайта ұйымдастыру, бірігу, жұту, тарату немесе активтерді иеліктен шығару жөніндегі мәмілелерге тартылатын болса, Takeda-ның құқықтық мирасқорлары (инвесторлары) және (немесе) оның аффилиирленген тұлғалары;
- 4.3.1.4. Takeda-мен аффилиирленген жекелеген тұлғалар;
- 4.3.1.5. Сайттың қауіпсіздігін, функционалдығын, өнімділігін, тиімділігін және жекелендірілуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жеткізушілер.
- 4.3.2. Пайдаланушыға және (немесе) Пайдаланушыға жіберу үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы (жіберулердің жиілігі мен санын ақылға қонымды шектеу шартымен, кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз), Пайдаланушы Takeda-ға берген байланыс арналары (байланыс деректері) арқылы, ДД-ны өңдеудің көзделген мақсаттарына жету үшін ақпараттық/сервистік хабарламаларды, сұраулар мен хабарламаларды (мысалы, Takeda мен Пайдаланушы арасындағы қатынастар немесе олардың арасындағы өзара іс-қимыл шарттарының өзгеруі туралы) жіберуге; Takeda жоғарыда көрсетілген шарттарда Пайдаланушыға Сайт пен оның жұмыс істеуі, Сайттың өзгеруі, Сайтқа қатысты басқа да жаңалықтар туралы ақпараттық/сервистік хабарламалар жібере алады;
- 4.3.3. ДД-ны олар жиналған (алынған) күннен бастап Қағидалардың қолданылу мерзімі аяқталған күнге дейін (оның ішінде Takeda мен Пайдаланушы арасындағы Қағидаларға байланысты міндеттемелер тоқтатылғанға немесе орындалуы аяқталғанға дейін), сондай-ақ егер Takeda мен Пайдаланушы арасындағы жеке келісімде және (немесе) қолданылатын заңнамада өзгеше көзделмесе, Қағидалардың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін өңдеуге құқылы;
- 4.3.4. қолданылатын заңнамаға сәйкес ДД-ны жою арқылы ДД-ны өңдеуді тоқтатуға және (немесе) оның тоқтатылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді;
- 4.3.5. өңдеу мақсаттарына сәйкес келетін ғана ДД-ны өңдеуге, сондай-ақ қолданылатын заңнама талаптарына сәйкес ДД-ны өңдеу кезінде олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенеді.
- 4.3.1. ДД-ны өңдеуге үшінші тұлғаларды тартуға құқылы, ол үшін үшінші тұлғаларға ДД-ны өңдеуді тапсыру арқылы және (немесе) үшінші тұлғалардан ДД-ны алу және ДД-ны өңдеуді тапсырмай-ақ оларды үшінші тұлғаларға беру арқылы, соның ішінде ДД-ны үшінші тұлғаларға Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің және өзге де шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруді жүзеге асыра алады. Үшінші тұлғаларды ДД-ны өңдеуге тарту мұндай тұлғалар ДД-ны ең аз қажетті көлемде және тек көзделген өңдеу мақсаттарына жету үшін өңдеген, сондай-ақ олар ДД-ны өңдеу кезінде оның құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін (үшінші тұлғалар осы талаптарды орындамаған жағдайда, олар Takeda алдындағы шарттық міндеттемелері және (немесе) қолданылатын заңнама ережелеріне сәйкес жауапты болады). Мұндай үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, мыналар жатуы мүмкін:
- 4.4. ДД-ны өңдеудің көзделген мақсаттарына жету үшін Пайдаланушы:
- 4.4.1. кез келген сәтте алынатын хабарламаларда көрсетілген нұсқауларды орындау немесе Takeda-ға өтініш жіберу арқылы Takeda-дан байланыс арналары бойынша келетін ақпараттық/сервистік хабарламаларды алудан бас тартуға құқылы;
- 4.4.2. Takeda-ға және (немесе) ол уәкілеттік берген тұлғаларға көзделген мақсаттарда өңдеу үшін дәл, толық және өзекті ДД-ны беруге міндеттенеді. Өзіне қатысты ДД өзгерген жағдайда, Пайдаланушы бұл туралы Takeda-ны уақтылы және тиісінше хабардар етуге міндеттенеді, бұл ретте хабардар ету мына жолмен жүзеге асырылады:
- 4.4.2.1. Takeda-ға өтініш жіберу арқылы;
- 4.4.2.2. Сайттағы Пайдаланушының жеке кабинеті функционалын пайдалану арқылы;
- 4.4.2.3. Сайтта орналастырылған тиісті веб-форманы толтыру және жіберу арқылы.
- 4.4.3. Takeda-дан алынған ДД-ны көзделген мақсаттарға қол жеткізілген кезде немесе осы мақсаттарға жету қажеттілігі жойылған жағдайда, сондай-ақ ДД-ны өңдеудің заңдылығын қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде, егер қолданылатын заңнамада өзгеше көзделмесе, өңдеуді тоқтатуға міндеттенеді;
- 4.4.4. қолданылатын заңнама талаптарына сәйкес Takeda-дан алынған ДД-ны өңдеу кезінде олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенеді;
- 4.4.5. Қағидалар негізінде өңделетін Пайдаланушының және (немесе) өзге субъектілердің ДД-сына қатысты сұрауларды (шағымдарды, талаптарды, нұсқамаларды, претензияларды, сот талаптарын) қарау және реттеу кезінде Takeda-мен адал ынтымақтасуға және Takeda-ға қажетті, орынды жәрдем көрсетуге міндеттенеді.
- 4.5. Пайдаланушының Takeda-ға жолдаған өтініші Kazakhstan@takeda.com электрондық пошта жәшігі арқылы сұрау жіберу немесе Takeda мекенжайына пошта жөнелтімі арқылы жіберілуі мүмкін. Көрсетілген өтініште Пайдаланушыны сәйкестендіретін мәліметтер, сондай-ақ өтініштің мәнін сипаттау болуы тиіс.
- 4.6. Егер Пайдаланушы көзделген мақсаттарда басқа жеке тұлғалардың ДД-ны Takeda-ға беретін болса, онда Пайдаланушы осылайша (берілетін ДД-ға қатысты дербес оператор ретінде әрекет ете отырып) қолданылатын заңнама талаптарына сәйкес мұндай ДД берудің заңдылығын, сондай-ақ тиісті заңнама талап еткен жағдайда, көрсетілген тұлғаларды олардың ДД-ның Пайдаланушыдан Takeda-ға берілуі және одан әрі өңделетіні туралы тиісті түрде хабардар етілгенін растайды және кепілдік береді. Пайдаланушы Takeda-дан сұрау алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей Takeda-ға көрсетілген тұлғалардың ДД-ны Пайдаланушыдан Takeda-ға беруіне келісім алғанын немесе мұндай берудің өзге де құқықтық негіздерінің бар екенін және олардың ДД-ның берілуі туралы тиісті түрде хабардар етілгенін растайтын мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынады. Ұсынылатын мәліметтер және (немесе) құжаттар құрамын мен мазмұнын айқындау қолданылатын заңнама талаптарын, сондай-ақ көрсетілген тұлғалардың, Пайдаланушының және өзге де тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтай отырып жүзеге асырылады.
- 4.7. Пайдаланушы жоғарыда сипатталған ДД-ны өңдеу шарттарымен танысқанын және олардың мазмұнын, соның ішінде өзінің ДД субъектісі ретіндегі құқықтарын түсінетінін растайды. Пайдаланушыға Takeda-ға ДД ұсынбау, не Takeda-ға дәл емес, толық емес, өзекті емес ДД беру, не ДД өзгергені туралы Takeda-ға хабарламау (немесе уақытылы хабарламау) ДД-ны өңдеудің көзделген мақсаттарына қол жеткізу мүмкін болмауына әкелуі мүмкін екені түсінікті. Пайдаланушы сондай-ақ Takeda-ға және (немесе) Takeda уәкілеттік берген тұлғаларға құрамында ДД бар мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезінде қолданылатын заңнама, үшінші тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделері бұзылмайтынын растайды.
5. Тыйым салынған пайдалану
Пайдаланушыға тыйым салынады:
- кез келген Контент көшірмесінен авторлық белгілерді немесе тиісті Контентте қамтылған өзге де авторлық туралы хабарламаларды жою;
- Takeda-ның алдын ала жазбаша келісімінсіз Контентті иеліктен шығару, көбейту, өзгерту немесе оның мазмұнын өзгертуге тырысу, сондай-ақ Контентті көпшілікке қолжетімді, коммерциялық, білім беру мақсатында емес немесе жеке пайдаланудан өзге мақсатта, соның ішінде мұндай пайдалануды Сайттың өзінде көзделмеген болса, кез келген басқа тұлғаның пайдалануы үшін, Контентті көбейту, көпшілік алдында көрсету, тарату немесе өзге де тәсілмен пайдалану;
- Сайттан алынуы мүмкін HTML-кодты немесе басқа бағдарламалық жасақтаманы басып шығару немесе көшіру;
- Takeda-ның алдын ала жазбаша рұқсатынсыз Сайттың басқа серверде айна-көшірмесін жасау;
- Сайтты Сайттың зақымдануына, оның өшірілуіне, шамадан тыс жүктелуіне, жұмысының нашарлауына, қауіпсіздіктің бұзылуына немесе Сайттың жұмыс істеуіне теріс әсер етуіне әкеп соғуы мүмкін тәсілмен, не Сайттың немесе оған кіретін немесе осы Сайт арқылы қол жеткізуге болатын, Сайттың құрамына кіретін немесе онымен байланысты кез келген қызметтердің, жүйелік ресурстардың, есептік жазбалардың, серверлердің, желілердің зақымдануына немесе өзге де нұқсан келтіретін түрде пайдалану. Бұл тыйым, соның ішінде, Сайтқа компьютерлік вирусты, «Троян ат» түріндегі зиянды жүйені, «құрттарды» немесе ықтимал қауіпті, жойқын не Сайт құрылымына шамадан тыс немесе пропорционалды емес үлкен жүктеме түсіруі мүмкін басқа файлдар мен компьютерлік бағдарламаларды жүктеуді, орналастыруды немесе жіберуді қамтиды;
- Сайттан ақпаратты толық немесе ішінара қадағалау, көшіру, жинақтау немесе басқа тәсілмен алу үшін боттарды, айналып өту бағдарламаларын немесе өзге де автоматты бағдарламаларды, құрылғыларды не қолмен жасалатын манипуляцияларды пайдалану;
- осы Сайтпен байланысты үшінші тұлғалардың ақпаратын пайдалану немесе пайдалануға талпыну, осы Сайтта жұмыс істеу үшін жалған жеке куәлікті жасау немесе пайдалану;
- өзiн басқа адам немесе кәсіпорын ретінде көрсету немесе Пайдаланушының кез келген жеке немесе заңды тұлғамен байланысын өзге түрде бұрмалау, не жалпы жұртқа қолжетімді емес Сайтқа немесе оның бөліктеріне рұқсатсыз қол жеткізуге тырысу;
- Пайдаланушыға тиесілі емес немесе оның иесі тіркеуге рұқсат бермеген электрондық пошта мекенжайын пайдалану;
- толық емес, жалған немесе дәл емес ақпаратты, соның ішінде толық емес, жалған немесе дәл емес анкеталық деректерді ұсыну;
- заңсыз, қауіпті, қорлайтын, беделін түсіретін, жала жабатын, тұрпайы, әдепсіз немесе заңсыз мазмұнды орналастыру немесе беру; сондай-ақ мұндай мазмұн авторлық құқықтарды, тауар белгілерін, коммерциялық құпияларды, жеке өмірге қол сұқпауды немесе үшінші тұлғаның өзге де құқықтары мен мүдделерін бұзатын не оларға нұқсан келтіретін, қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын немесе азаматтық не әкімшілік жауаптылықты туындататын немесе өзге түрде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзатын мазмұнды орналастыру немесе беру.
Пайдаланушы осы арқылы Сайтты пайдалану кезінде өзі жасаған әрекеттері немесе әрекетсіздігі және өзі ұсынған ақпарат үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады, сондай-ақ Сайтты пайдалануды, онда орындалатын жұмыс немесе әрекеттерді және Контентке қатысты мәселелерді реттейтін барлық заңдарды, нормаларды және қағидаларды сақтауға міндеттенеді.
6. Сайттың қолжетімділігі
Осы арқылы Takeda Пайдаланушыға мынаны хабарлайды: (i) Сайттың ешқандай ақаусыз жұмыс істеуін техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету мүмкін емес және Takeda мұндай міндеттемені өз мойнына ала алмайды; (ii) Сайттағы ақаулар Сайттың уақытша қолжетімсіз болуына әкелуі мүмкін; сондай-ақ (iii) Сайттың жұмысына Takeda бақылай алмайтын оқиғалар және/немесе әрекеттер, мысалы деректерді беру және байланыс тәсілдері, теріс әсер етуі мүмкін.
Takeda және/немесе оның мердігерлері кез келген уақытта бүкіл Сайттың немесе оның қандай да бір бөлігінің жұмысын техникалық қызмет көрсету және/немесе Сайтты жақсарту және/немесе өзгерту мақсатында уақытша немесе тұрақты түрде өзгертуге не тоқтатуға құқылы. Takeda Сайт жұмысының қандай да бір өзгерістері, уақытша тоқтатылуы немесе іркілісі үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.
7. Қорытынды ережелер
Сайт пен оның Контенті Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі, әрі осыған байланысты кез келген даулар Қазақстан Республикасының соттарының юрисдикциясына жатады.
Осы Қағидалар Пайдаланушы мен Takeda арасындағы Сайтты, оның Контенті мен функционалын пайдалану тәртібі жөніндегі келісімді құрайды және Пайдаланушы мен Takeda арасындағы барлық бұрынғы келісімдердің күшін жояды.
Осы Қағидалар қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі. Қағидалармен реттелмеген мәселелер қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Осы Қағидаларды орындауға байланысты қандай да бір даулар немесе келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Пайдаланушы мен Takeda оларды келіссөздер арқылы реттеу үшін барлық ақылға қонымды күш-жігерді жұмсауға міндеттенеді. Егер қандай да бір дау немесе келіспеушілік келіссөздер арқылы шешілмесе, аталған дау немесе келіспеушілік қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкердің орналасқан жері бойынша Арбитраж сотында қаралуға жатады.
Осы Қағидалар Пайдаланушы үшін оларды қосылған сәттен бастап күшіне енеді және белгісіз мерзім бойы қолданыста болады.
Егер қандай да бір себептермен осы Қағидалардың бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, бұл Қағидалардың қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
8. Сайтты шығарудың шарттары
Сайттың иесі — «Такеда Қазақстан» ЖШС, мекенжайы: 050000, Алматы қ., Қонаев көшесі, 77.
Бөлім II. Құпиялылық саясаты (бұдан әрі «Саясат» деп аталады)
- 1. Саясаттың жалпы ережелері
- 1.1. «Такеда Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – «Компания») Дербес деректерді (бұдан әрі – «ДД») өңдеу кезінде заңдылық, әділдік және құпиялылық қағидаттарын сақтау, сондай-ақ оларды өңдеу процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету өз қызметіндегі ең маңызды міндеттердің бірі деп санайды. Компания Дербес деректерді қамтитын Базаның меншік иесі және Операторы болып табылады.
- 1.2. Бұл құпиялылық саясаты:
- 1.2.1. Қазақстан Республикасының Дербес деректерді өңдеу және қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарын жүзеге асыру мақсатында әзірленді;
- 1.2.2. Веб-сайтты пайдалану кезінде Дербес деректерді өңдеу және қорғау бойынша Компанияның қызметінің тұжырымдамалық негіздерін жариялайтын ашық қолжетімді құжат;
- 1.2.3. Компанияның ДД-ны өңдеу әдістері мен қағидаларын, Компанияның құқықтары мен міндеттерін, Пайдаланушылардың ДД субъектісі ретінде құқықтарын ашады, сондай-ақ ДД-ны өңдеу кезінде ДД-ның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Компания қолданатын шаралар тізімін қамтиды.
- 1.3. Бұл Саясатта келесі терминдер, қысқартулар және аббревиатуралар қолданылады:
| Автоматтандырылған өңдеу | ДД-ны автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып өңдеу — есептеу техникасының құралдары көмегімен, оның ішінде ДДАЖ, ақпараттық-телекоммуникациялық желілер, АЖО және (немесе) машинамен оқылатын тасымалдағыштар арқылы, алдын ала белгіленген алгоритм бойынша ДД-ны өңдеу. |
| ДДАЖ | Дербес деректердің ақпараттық жүйесі — дерекқорларда қамтылған Дербес деректердің жиынтығы, сондай-ақ оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдар. |
| Қолмен өңдеу | Автоматтандыру құралдарын қолданбай, ДД-ны өңдеу — бұл материалдық медиада және (немесе) жүйеленген ДД жинақтарында (карта индекстері, ДДАЖ дерекқорлары, АЖО-дағы электрондық файлдар) қамтылған ДД-ны іздеу, қолжетімділік, пайдалану, нақтылау, тарату және (немесе) жою |
| АЖО | Автоматтандырылған жұмыс орны — стационарлық немесе мобильді (портативті) жеке компьютерге негізделген бағдарламалық және аппараттық кешен, белгілі бір пайдаланушылар санатының немесе белгілі бір әрекет түрін автоматтандыруға арналған. |
| ДД-ны өңдеу | Дербес деректерді жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату, жеке тұлғасыздандыру, блоктау және жоюға бағытталған әрекеттер. |
| Дербес деректерді қамтитын дерекқордың иесі — Компания | Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Такеда Қазақстан» (050000, Қазақстан Республикасы, Алматы, Медеу ауданы, Қонаев көшесі, 77, БИН: 101140005730), Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес Дербес деректер қорын иелену, пайдалану және пайдалану құқығын жүзеге асырады |
| ДД | Дербес деректер – тікелей немесе жанама анықталған немесе анықталатын тұлғаға (ДД субъектісі) қатысты кез келген ақпарат |
| Пайдаланушы немесе ДД субъектісі | Веб-сайтқа кірген (Веб-сайтқа кірген) және (немесе) оның функцияларын пайдалану үшін басқа әрекеттер жасайтын жеке тұлға, соның ішінде Веб-сайтта жарияланған ақпаратты қарау немесе іздеу, Веб-сайтта тіркелу, веб-сайттағы веб-формалар арқылы хабарламалар жіберу және т.б. |
| Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы |
| Веб-сайт | Компанияның мүддесіне сай жұмыс істейтін интернеттегі веб-сайт https://mymedkz.info/ |
| Ақпаратты қорғау жүйесі | Ақпараттық қауіпсіздік құралдары |
| 94-V заң | Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңы |
- 2. ДД-ны өңдеудің принциптері, мақсаттары және мазмұны
- 2.1. Компания өз қызметінде 94-V баптың 5-бабында көрсетілген ДД-ны өңдеу принциптеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді.
- 2.2. Компания Веб-сайтты қолданғанда ДД туралы қолданылған заңнамаға сәйкес келесі мақсатты түрде ДД-ны өңдеуді жүзеге асырады:
| Дербес деректерді өңдеу мақсаттары | Өңделген дербес деректердің санаттары мен тізімі | ДД пәндерінің санаттары | ДД-ны өңдеудің құқықтық негізі | Дербес деректерді өңдеу және әрекеттер әдістері | ДД-ны өңдеу уақыты (сақтау, т.б. қосқанда) |
1. Takeda өз операцияларын жетілдіру және дамыту, атап айтқанда:
- Веб-сайттың пайдаланушылары/келушілерімен қауіпсіз және өнімді өзара әрекеттесу, оның ішінде анықтау, аутентификация және (немесе) авторизация, заңсыз немесе рұқсатсыз әрекеттерге қарсы тұру, алаяқтық, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; - пайдаланушы қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, талғамына және күтулеріне бейімделген қызметтер, функциялар, мүмкіндіктер, ұсыныстар мен ұсыныстар ұсыну арқылы пайдаланушы тәжірибесін жекелендіру; - пайдаланушыларға әртүрлі мәселелер немесе жағдайлар болған жағдайда тиімді қолдау көрсету | Дербес деректердің жалпы санаттары:
|
| • ДД-ны өңдеу ДД-нің келісімімен, оның ДД-ны өңдеуге байланысты жүргізіледі (ZRK-94-V: 8-бап, 1-тармақ) ПД өңдеу Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы No 268-XIII Азаматтық кодексі негізінде жүзеге асырылады. |
| Веб-сайттың функционалдығын пайдалану тоқтатылғаннан кейін 3 (үш) жылға дейін (тіркеу/аккаунт тоқтатылғаннан кейін), егер қолданыстағы заңда басқаша көрсетілмесе, ДД субъектінің келісімі, Takeda мен ДД субъектісі арасындағы келісімшарт (келісім) басқаша көрсетілмесе. |
- 3. Дербес деректерді жинаудың және оларды өзге де өңдеудің ерекшеліктері
- 3.1. Компания Дербес деректерді өңдейді, олардың көзі мыналар болуы мүмкін:
- 3.1.1. Пайдаланушы (оның өкілі) ұсынатын мәліметтер мен құжаттар;
- 3.1.2. қоғамдық қолжетімді және (немесе) ашық ақпараттық ресурстар (әлеуметтік желілер, жалпыға қолжетімді тізілімдер және т.б.);
- 3.1.3. уәкілетті органдар мен ұйымдар, Компанияның контрагенттері, өзге де мүдделі тұлғалар;
- 3.1.4. Пайдаланушының Сайтпен өзара іс-қимылының нәтижелері;
- 3.1.5. ДД-ны бір-бірімен сәйкестендіру (салыстыру) және біріктіру (байланыстыру) нәтижелері (мысалы, Компания мен Пайдаланушы арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті мен перспективалылығы туралы мәліметтер).
- 3.2. [Бұл файлда осы тармақтың аудармасы жоқ — «Хранение ПД осуществляется Компанией на территории РК.» деген сөйлемге сәйкес аударма жетіспейді, бұрынғы құжатта да осы олқылық болған.]
- 3.3. ДД-ны өңдеу үшін Компания ақпараттық жүйелерді, автоматтандырылған жұмыс орындарын, иеліктен шығарылатын машинамен оқылатын ақпарат тасымалдағыштарды (мысалы, оптикалық және магнито-оптикалық дискілер, флэш-жинақтағыштар, алынбалы қатты дискілер және т.б.), қағаз тасымалдағыштарды (жеке және жүйелендірілген жинақтар құрамында), сондай-ақ ДД-ге қолжетімділікті қамтамасыз ететін Компанияның ішкі желісі арқылы ДД-ны беруді (оның ішінде Компанияның ішкі ақпараттық ресурстарында және (немесе) жергілікті электрондық порталдарында орналастырылған ДД-ны тек Компания айқындаған және шектеулі тұлғалар тобына, соның ішінде Компания қызметкерлеріне қол жеткізу үшін) және (немесе) ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді (оның ішінде «Интернет» желісін) пайдалана отырып ДД-ны беруді қолдана алады.
- 3.4. Компания кез келген уақытта және алдын ала ескертусіз, ДД субъектілерінің тиісті келісімі болған жағдайда, оларға Компанияның жаңалықтары мен қызметі туралы ақпараттық материалдарды жібере алады. Ақпараттық материалдар ДД субъектілері Компанияға берген байланыс арналары (байланыс деректері) арқылы жіберілуі мүмкін. ДД субъектілері кез келген сәтте алынатын материалдарда көрсетілген нұсқауларды орындау немесе Компанияға тиісті өтініш жіберу арқылы Компания материалдарын алудан бас тартуға құқылы.
- 3.1. Компания Дербес деректерді өңдейді, олардың көзі мыналар болуы мүмкін:
- 4. ДД-ны табыстау
- 4.1. Компания Дербес деректерді өңдеуге үшінші тұлғаларды тарта алады — үшінші тұлғаларға Дербес деректерді өңдеуді тапсыру арқылы және (немесе) Дербес деректерді өңдеуді тапсырусыз үшінші тұлғаларға Дербес деректерді беру арқылы, соның ішінде Дербес деректерді үшінші тұлғаларға Америка Құрама Штаттарының, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің және өзге де шет мемлекеттердің аумағына трансшекаралық беруін жүзеге асыра алады.
- 4.2. Дербес деректерді өңдеуге үшінші тұлғаларды тарту тек мұндай тұлғалар Дербес деректерді ең аз қажетті көлемде және тек көзделген өңдеу мақсаттарына жету үшін өңдеген жағдайда, сондай-ақ олар Дербес деректерді өңдеу кезінде олардың құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз еткен жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін (үшінші тұлғалар осы шарттарды орындамаған жағдайда, олар Компания алдындағы шарттық міндеттемелері және (немесе) Дербес деректер туралы қолданыстағы заңнама ережелеріне сәйкес жауаптылықта болады).
- 4.3. Компания тартатын Дербес деректерді өңдеуге қатысатын үшінші тұлғалардың нақты құрамы Компания мен Дербес деректер субъектісі арасындағы қалыптасқан қатынастарға, сондай-ақ қолданыстағы заңнама ережелеріне, Компания мен Дербес деректер субъектісі арасындағы шарттарға, Дербес деректер субъектісінің Дербес деректерді өңдеуге берген келісімдеріне сәйкес айқындалады.
- 4.4. Компания көпшілікке қолжетімді Дербес деректер көздерін құра алады және (немесе) Дербес деректерді тек Дербес деректер субъектісінің келісімімен ғана тарата алады, егер қолданыстағы заңнамада өзгеше көзделмесе.
- 5. ДД-ны өңдеуді тоқтату және ДД-ны жою тәртібі
- 5.1. Компания ДД-ны өңдеуді тоқтатудың келесі шарттарын белгіледі:
- 5.1.1. ДД-ны сақтау мерзімі жинау және өңдеу міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізілген күнімен айқындалған кезде, егер ҚР заңнамасында өзгеше көзделмесе;
- 5.1.2. субъект, Компания, сондай-ақ үшінші тұлға арасындағы құқықтық қатынастар тоқтатылған кезде;
- 5.1.3. сот шешімі заңды күшіне енген кезде;
- 5.1.4. ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректерді жинау және өңдеу анықталған кезде;
- 5.1.5. 94-V Заңмен және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген өзге жағдайларда.
- 5.2. 94-V Заңның нормаларымен реттелетін ДД-ны өңдеуді тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- (1) ДД-ны бұғаттау арқылы;
- (2) ДД-ны жою арқылы.
- 5.3. ДД-ны жою осы ДД-ны қалпына келтіру мүмкіндігін болдырмайтындай тәсілмен жүргізіледі.
- 5.1. Компания ДД-ны өңдеуді тоқтатудың келесі шарттарын белгіледі:
- 6. ДД-ны тиісінше ұйымдастыру және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар
- 6.1. Компания ДД-ны өңдеу кезінде оларды заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуінен, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан, сондай-ақ оларға қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды. ДД-ның қауіпсіздігі, атап айтқанда, келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі (олардың ДД-ны өңдеу тәсілі мен ерекшеліктеріне қарай қолданылуын ескере отырып):
- 6.1.1. ДД-ны өңдеу үшін жауапты тұлғаны тағайындау;
- 6.1.2. Компанияның ДД-ны өңдеуге қатысты саясатын айқындайтын құжаттарды, Компанияның ДД-ны өңдеу мәселелері жөніндегі жергілікті актілерін, Компания жүзеге асыратын міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қажетті әрі жеткілікті ДД тізбесін айқындайтын құжаттарды, сондай-ақ ДД туралы заңнаманы бұзудың алдын алуға және оны анықтауға, мұндай бұзушылықтардың салдарын жоюға бағытталған рәсімдерді белгілейтін Компанияның жергілікті актілерін шығару;
- 6.1.3. 94-V Заңның және ДД-ны өңдеуді реттейтін өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Компанияның жергілікті актілерінің талаптарына ДД-ны өңдеудің сәйкестігіне ішкі бақылау және (немесе) аудит жүргізу;
- 6.1.4. Компания ДД-ны өңдеуге тартқан (рұқсат еткен) тұлғаларды ДД туралы қолданыстағы заңнаманың талаптарымен, соның ішінде ДД-ны қорғау талаптарымен, Компанияның ДД-ны өңдеуге қатысты саясатын айқындайтын құжаттармен, ДД-ны өңдеу мәселелері жөніндегі жергілікті актілермен таныстыру және (немесе) оларды оқыту;
- 6.1.5. ДД-ны ДДАЖ-да өңдеу кезінде туындауы мүмкін олардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді айқындау;
- 6.1.6. ДД-ны өңдеу кезінде, соның ішінде ДДАЖ-да, олардың тұрақты құпиялылығын, тұтастығын, қолжетімділігін және ДД-ны өңдеуге байланысты процестердің және (немесе) жүйелердің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық және (немесе) техникалық қауіпсіздік шараларын қолдану;
- 6.1.7. ДДАЖ-да қолданылатын ақпараттық технологиялар мен ДД-ның қауіпсіздігіне төнетін өзекті қауіп-қатерлерді бейтараптандыру үшін мұндай құралдарды қолдану қажет болған жағдайда, белгіленген тәртіппен сәйкестікті бағалау рәсімінен өткен ақпаратты қорғау құралдарын қолдану;
- 6.1.8. ДДАЖ-ны пайдалануға енгізгенге дейін ДД қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау;
- 6.1.9. ДД-ның материалдық (соның ішінде машинамен оқылатын) тасымалдағыштары сақталатын орындарды айқындау, ДД тасымалдағыштарын есепке алу мен сақталуын қамтамасыз ету, ДД тасымалдағыштарына рұқсатсыз қол жеткізуді болдырмау, сондай-ақ заңнамада белгіленген ДД-ның әртүрлі санаттарына жататын ДД-ны (материалдық тасымалдағыштарды) бөлек сақтау;
- 6.1.10. ДД-ның әртүрлі санаттары өңделген жағдайда, ДДАЖ-ны бір базаға біріктіруге немесе ДД-ны бір материалдық тасымалдағышқа жазуға тыйым салу;
- 6.1.11. ДДАЖ-ға рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін анықтау және тиісті шараларды қабылдау, соның ішінде ДД-ны өңдеумен байланысты ДДАЖ-ға компьютерлік шабуылдарды анықтау, алдын алу және олардың салдарын жою, сондай-ақ олардағы компьютерлік инциденттерге ден қою шараларын қабылдау;
- 6.1.12. рұқсатсыз қол жеткізу немесе өзге де инцидент салдарынан өзгертілген не жойылған ДД-ны қалпына келтіру;
- 6.1.13. ДДАЖ-да өңделетін ДД-ға қол жеткізу қағидаларын белгілеу;
- 6.1.14. ДД қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар мен ДДАЖ-ның қорғалушылық деңгейін бақылау;
- 6.1.15. Компания автоматтандырылған және (немесе) автоматтандырылмаған түрде ДД-ны өңдеуге тартқан (рұқсат еткен) тұлғалардың (лауазымдардың) тізбесін белгілеу және бекіту, соның ішінде ДДАЖ-да, әрі басқа тұлғалардың ДД-ға қол жеткізуін шектеу;
- 6.1.16. ДД-ны өңдеу жүзеге асырылатын және (немесе) ДД-ны өңдеу үшін пайдаланылатын бағдарламалық-аппараттық құралдар орналастырылған үй-жайларда қауіпсіздік режимін ұйымдастыру, ол аталған үй-жайларға кіруге құқығы жоқ адамдардың бақылаусыз кіруі немесе онда болуы мүмкіндігін болдырмайтындай болуы тиіс;
- 6.1.17. ДД-ны кейіннен қалпына келтіру мен одан әрі өңдеуді болдырмайтын тәсілмен жою.
- 6.2. ДД-ны өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары (тәсілдері) туралы мәліметтер:
- 6.2.1. ДД-ны ДДАЖ-да өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігіне төнетін өзекті (болжамды) қатерлердің модель(дер)ін қалыптастыру;
- 6.2.2. қауіптер модель(дер)і негізінде ДД қорғау жүйесін әзірлеу, ол ДДАЖ-ның тиісті қорғалу деңгейлері үшін көзделген ДД қорғау әдістері мен тәсілдерін пайдалана отырып, қауіп-қатерлерді бейтараптандыруды қамтамасыз етеді;
- 6.2.3. ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі пайдалану және техникалық құжаттамаға сәйкес оларды орнату және іске қосу;
- 6.2.4. ДДАЖ-да қолданылатын ақпаратты қорғау құралдарын пайдаланатын тұлғаларды олармен жұмыс істеу қағидаларына оқыту;
- 6.2.5. қолданылатын ақпаратты қорғау құралдарын, сондай-ақ оларға қатысты пайдалану және техникалық құжаттаманы есепке алу;
- 6.2.6. ДД-мен жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғаларды, соның ішінде ДДАЖ-да жұмыс істеуге рұқсат етілген тұлғаларды есепке алу;
- 6.2.7. пайдалану және техникалық құжаттамада көзделген ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану шарттарының сақталуын бақылау;
- 6.2.8. ДД-ның материалдық (соның ішінде машинамен оқылатын) тасымалдағыштарын сақтау шарттарының, ақпаратты қорғау құралдарын пайдаланудың сақталмауы фактілері бойынша қызметтік тексерулер және (немесе) ішкі тергеп-тексерулер жүргізу, олар ДД құпиялылығының бұзылуына (ДД-мен байланысты инцидентке) немесе ДД-ның қорғалу деңгейінің төмендеуіне алып келетін өзге де бұзушылықтарға әкелуі мүмкін.
- 6.3. ДД субъектілерінің құқықтарының бұзылуына әкеп соққан ДД-ның заңсыз немесе кездейсоқ берілуі (ұсынылуы, таралуы, қол жеткізілуі) фактісі анықталған жағдайда, қолжетімділігі шектеулі ДД бар дерекқордың Меншік иесі және (немесе) Операторы бұл туралы ДД-ны қорғау саласындағы уәкілетті органға ДД туралы заңнамада көзделген тәртіппен және тиісті мерзімдерде хабарлайды.
- 6.1. Компания ДД-ны өңдеу кезінде оларды заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуінен, бұғаттаудан, көшіруден, беруден, таратудан, сондай-ақ оларға қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды. ДД-ның қауіпсіздігі, атап айтқанда, келесі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі (олардың ДД-ны өңдеу тәсілі мен ерекшеліктеріне қарай қолданылуын ескере отырып):
- 7. ДД субъектілерінің құқықтары
- 7.1. ДД субъекті Компанияда, сондай-ақ үшінші тұлғада өзінің ДД бар екендігі туралы білуге, сондай-ақ мынадай ақпаратты алуға құқылы:
- 7.1.1. ДД жинау және өңдеу фактісін, мақсатын, көздерін, тәсілдерін растау;
- 7.1.2. ДД тізбесі;
- 7.1.3. ДД өңдеу мерзімдері, соның ішінде оларды сақтау мерзімдері.
- 7.2. ДД субъектісі растайтын тиісті құжаттар болған жағдайда, Компаниядан өзінің ДД-сына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етуге құқылы.
- 7.3. ДД жинау, өңдеу шарттарының бұзылғаны туралы ақпарат болған жағдайда, ДД субъектісі Компаниядан өзінің ДД-ны бұғаттауды талап етуге құқылы.
- 7.4. ДД субъектісі ҚР заңнамасын бұза отырып жинау және өңдеу жүргізілген өзінің ДД-ны, сондай-ақ 94-V Заңмен және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген басқа да жағдайларда жоюды Компаниядан талап етуге құқылы.
- 7.5. ДД субъектісі ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, ДД-ны жинауға, өңдеуге, жалпыға қолжетімді ақпарат көздерінде таратуға, үшінші тұлғаларға беруге және трансшекаралық беруге берген келісімін қайтарып алуға құқылы.
- 7.6. ДД субъектісі өзінің ДД-ны жалпыға қолжетімді жеке деректер көздерінде таратуға Компанияға келісім беруге (немесе одан бас тартуға) құқылы.
- 7.7. ДД субъектісі өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, соның ішінде моральдық және материалдық зиянның өтемін алуға құқылы.
- 7.8. ДД субъектісі 94-V Заңда және ҚР-ның өзге де заңдарында көзделген басқа құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
- 7.1. ДД субъекті Компанияда, сондай-ақ үшінші тұлғада өзінің ДД бар екендігі туралы білуге, сондай-ақ мынадай ақпаратты алуға құқылы:
- 8. ДД-ны өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға
- 8.1. Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаның құқықтары мен міндеттері 94-V Заңының 25-бабының 3-тармағымен және Компанияның Дербес деректерді өңдеу және қорғау саласындағы жергілікті актілерімен белгіленеді.
- 8.2. Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындау және оны аталған міндеттерден босату Компанияның шешімімен жүзеге асырылады. Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлғаны тағайындау кезінде оның құқықтары мен міндеттерін тиісінше және толық көлемде іске асыруына мүмкіндік беретін өкілеттіктері, құзыреттері және жеке қасиеттері ескеріледі.
- 8.3. Дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:
- 8.3.1. Компанияның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын, соның ішінде Дербес деректерді қорғау талаптарын сақтауына ішкі бақылауды жүзеге асырады;
- 8.3.2. Компания қызметкерлерінің назарына Дербес деректерді өңдеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының ережелерін, Дербес деректерді қорғау талаптарын жеткізеді;
- 8.3.3. субъектілердің немесе олардың заңды өкілдерінің өтініштерін қабылдау және өңдеу барысын бақылауды жүзеге асырады.
- 9. Саясатты бекіту және оған өзгерістер енгізу тәртібі
- 9.1. Саясат Компанияның шешімімен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі, әрі ол күшін жойғанға дейін қолданыста болады.
- 9.2. Компания қажеттілігіне қарай Саясатқа өзгерістер енгізуге құқылы (бұдан әрі – «Өзгерістер»). Өзгерістер Компанияның шешімімен бекітіледі.
- 9.3. Саясат қажет болған жағдайда, бірақ алдыңғы Саясатты қайта қараудан бастап кемінде үш жылда бір рет қайта қаралады.
- 9.4. Саясат жоғарыда көрсетілген мерзімнен бұрын мына талдау нәтижелері бойынша қайта қаралуы мүмкін:
- (1) ҚР-да Дербес деректерді өңдеу және қорғауды нормативтік-құқықтық реттеудегі өзгерістер;
- (2) Компанияның Дербес деректерді өңдеу мен қорғауды тікелей немесе жанама түрде регламенттейтін өзге де жергілікті актілеріндегі өзгерістер;
- (3) Компанияның Дербес деректерді өңдеу және қорғауды ұйымдастыруының нақты тәртібіндегі өзгерістер;
- (4) Компания қызметі мен ұйымдық құрылымындағы өзгерістер;
- (5) Компанияның Дербес деректер субъектілерімен, контрагенттермен және өзге тұлғалармен өзара қатынастарындағы өзгерістер;
- (6) Компанияның жергілікті актілерін сақтау барысында анықталған ауытқулардың себептері мен мазмұны;
- (7) анықталған (компьютерлік) ДД инциденттерінің себептері мен мазмұны;
- (8) Компанияның ДД-ны өңдеу мен қорғауына елеулі түрде теріс әсер етуі мүмкін өзге де факторлар.
- 10. Жауапкершілік
- 10.1. ДД-ны өңдеу мен қорғауды реттейтін нормаларды бұзған кінәлі кез келген тұлғалар қолданылатын заңнамада көзделген жауаптылыққа тартылады.